Қазақстан киігі туралы Нью-Йоркте айтылды

Қазақстан киігі туралы Нью-Йоркте айтылды

Қазақ даласының ерекше жануары – киікті сақтау тәжірибесі халықаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынылды.
Нью-Йорк қаласында әлемге танымал The Explorers Club халықаралық зерттеушілер ұйымының Орталық Азия бөлімшесінің (Central Asia Chapter) ресми ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілі Альберт Салемгареев еліміздің табиғи мұрасы, соның ішінде киіктерді сақтау және олардың популяциясын қалпына келтіру бағытындағы тәжірибесі туралы баяндады.

Кезінде саны күрт азайған киіктер бүгінде Қазақстандағы табиғатты қорғау жұмыстарының маңызды нәтижелерінің біріне айналды.

Бұл нәтижеге көпжылдық қорғау шаралары, ғылыми зерттеулер, тұрақты мониторинг және табиғат қорғау ұйымдарының бірлескен жұмысы ықпал етті.

The Explorers Club ұйымының Орталық Азия бөлімшесінің ашылуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен экспедициялар ұйымдастыруға және өңірдің табиғи мұрасын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер береді.

Бір кездері жойылып кету қаупіне тап болған жануарды сақтап қалу тәжірибесі бүгінде әлемдік ғылыми алаңдарда талқылануда.

Қазақстанның жабайы табиғатын қорғау тәжірибесі халықаралық деңгейде таныстырылып келеді!