Қуанышты жаңалық! Қарасу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы анықталды.
Желі қолданушыларының пікірлері мен қолдауының нәтижесінде Абай атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аяна Бауыржанқызы үздік деп танылды!
Жеңімпазға адам өмірінің қауіпсіздігі үшін аса маңызды сыйлық – ауадағы көміртек тотығының қауіпті деңгейін дер кезінде анықтап, улану қаупі туралы ескертетін ақылды датчик табысталды.
Бұл байқау – тек жеңімпазды анықтау ғана емес, өрт қауіпсіздігі мен адам өмірін қорғаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталған игі бастама.
