Сүйінші! Торғайдың баласының кітабы Токиода таныстырылды! 

Сүйінші! Торғайдың баласының кітабы Токиода таныстырылды! 

Токио, 2026 жылғы 5 қараша – Жапония Парламентінің Халықаралық залында ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың арнайы дәрісі өтті.

Іс-шараға Жапония Парламентінің қос палатасының депутаттарын, мәдениет қайраткерлерін, Қазақстан мен Орталық Азия бойынша сарапшыларды қоса алғанда, елдің саяси және қоғамдық топтарының 120-дан астам өкілі қатысты.

Міне, осы жиында қазақ ақыны Абылай Мауданның «Дайдидау» кітабының таныстырылымы өтті. Баяндама жасаушы Жапония–Қазақстан Достық Көпірі Ассоциациясының өкілі Фуми Фуруяма.

Жапония тарапы бұл жиынға оны арнайы шақырған болатын. Күншығыс елі бұған дейін Абылай Мауданның елу дана кітабын сатып алған еді. Бүгінде өз тілдеріне аударып жатыр.

Жерлесіміздің жеңесі – қазақ әдебиетінің мерейлі бір белесі!

Абылай Маудан, Марғұлан Оспан және Сүндет Байғожинді Жапония елі арнайы шақыртып отыр!