Заң қорғаны, әділдік кепілі: Арқалықта прокуратура қызметкерлері ұлықталды

Заң қорғаны, әділдік кепілі: Арқалықта прокуратура қызметкерлері ұлықталды

Қалалық Мәдениет сарайына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұраны асқақтады.

Салтанатты жиында қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып отырған «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» идеологиялық қағидаттары – Қазақстандағы қоғамдық сана мен құқықтық мәдениетті жаңғыртуды көздейді. «Адал азамат» – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін, табысқа адал жолмен өзгенің құқығын құрметтеу, әділдік пен адалдықты ту ету – нағыз азаматқа тән қасиет», – деді қала әкімі Әмірхан Асанов.

Заң үстемдігі – мемлекеттің беріктігі, әділдік – қоғамның сенімі, ал тәртіп – ел тұрақтылығының негізі.

blank

Осы құндылықтарды қорғау жолында прокуратура органдарының қызметі ерекше маңызға ие.

blank

35 жыл – тарих үшін аз уақыт болғанымен, ел игілігі жолындағы елеулі еңбек пен жауапты қызметтің үлкен белесі. Осы жылдар ішінде прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы әділдік пен тәртіпті нығайту жолында маңызды қызмет атқарып келеді.

blank

Құттықтаулар легін Арқалық қаласының прокуроры Нұржан Тұрысбеков пен прокуратура ардагері Бақытжан Нагуманов жалғастырды.

blank

Сахнадағы ерекше сәттің бірі  «Болашақ прокурорлар клубына» жастардың қабылдануы болып, мерекелік кеш өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, заң мен тәртіпті құрметтеуге, Отанын сүюге және адал азамат болуға ниет білдірген жас өрендердің ант беру рәсіміне ұласты. Ардагердің иығына шапан жабылып, ант қабылдаған жастарға Арқалық қаласының прокуратурасы атынан арнайы дайындалған естелік сыйлықтар табыс етілді.

blank

Прокуратура саласында қызмет ету – үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті, табандылық пен адалдықты талап етеді. Қандай жағдайда да заң талаптарын басшылыққа алып, ел сенімін ақтау – әрбір прокуратура қызметкерінің басты міндеті болып қала бермек.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                           Арқалық қаласы