«Әділет» партиясы Қостанай облысында сайлауалды жұмысын жалғастыруда. Кандидаттар өңір тұрғындарымен және түрлі сала өкілдерімен кездесіп, аймақтың өзекті мәселелері мен партияның 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттерді талқылап жүр.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Игорь Белобржицкий №2 емхананың ұжымымен жүздесті. Медициналық мекеменің мәжіліс залына 50-ге жуық медицина қызметкері жиналды.

Партия бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – медициналық инфрақұрылымды дамыту және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Осы мақсатта 11 медициналық нысанды салу және қайта жаңарту, бес мекемеге күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ жыл сайын өңірге кемінде 100 медицина маманын тарту көзделген.

«Денсаулық сақтау саласын дамыту тек медициналық нысандарды салу немесе жөндеумен шектелмейді. Ең бастысы — тұрғындар қажетті медициналық көмекті уақытылы әрі сапалы алуы керек. Ал медицина қызметкерлеріне өз міндетін тиімді атқаруға жағдай жасалуы маңызды. Ол үшін инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, өңірге білікті мамандар тарту қажет», — деді Игорь Белобржицкий.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Аққожина. Б.Б.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
