Қазақстандағы 11 банкте қарыз алушылардың табысы мен кредиттері тексеріледі

Қазақстандағы 11 банкте қарыз алушылардың табысы мен кредиттері тексеріледі

Қазақстанда 11 ірі банктің қарыз алушылардың төлем қабілетін қаншалықты дұрыс бағалайтыны тексеріледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Debt Service Review (DSR) атты тұрақты қадағалау процесін іске қосты.

Тексеру барысында банктердің клиент табысын, қолданыстағы кредиттерін және ай сайынғы төлемдерін дұрыс есептеуі назарға алынады.

Бұған дейін агенттік 8 банкте пилоттық тексеру жүргізген. Оның нәтижелері тұрақты бақылау жүйесін енгізу қажеттігін көрсеткен.

Жаңа қадағалау процесінің негізгі мақсаты – азаматтардың шамадан тыс кредит алуына жол бермеу, банктердің тәуекелдерін азайту және қарыз алушылардың нақты төлем қабілетін бағалау.

Тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталса, банктерге қатысты қадағалау шараларын қолдану және кемшіліктерді түзету жоспарларын бекіту мәселесі қаралады.