Бес сиыр, бес қой, бес ешкі: Көкалат көшіп келетін отбасыларға қандай қолдау ұсынады?

Бес сиыр, бес қой, бес ешкі: Көкалат көшіп келетін отбасыларға қандай қолдау ұсынады?

Жангелдин ауданына қарасты Көкалат ауылы халық санын арттырып, жаңа қоныстанушыларға қолдау көрсетуді қолға алды. Ауылға көшіп келген әр отбасының еңбекке жарамды мүшелерін тұрғын үймен және жұмыспен қамту көзделген. Қоныстанған әр жанұяға бес сиыр, бес қой және бес ешкіден беру жоспарланып отыр.

Бұл – ауыл азаматтарының, шаруа қожалықтары жетекшілері мен кәсіпкерлердің ауызбіршілігінің арқасында жүзеге асырылмақ бастама.

blank

«Көкалат ауылы ауданымыздағы халқы өсіп-өнген, талай тарихи тұлғаларды тудырған құтты мекен. Қыпшақ Сейітқұл бабамыз кетпенімен елді отырықшылыққа үйретіп, Айса атамыз атақты бөгет соқтырған ауыл. Шәкір батыр дүниеге келген жер. Жері шүйгін, суы-нуы мол өңір. Мал өсіруге аса қолайлы жер. Даласында кезінде егіншілік кәсіпті қоса өрбіткен мұраптардың іздері сайрап жатыр. Көшіп келем деушілер болса ел болып құшақ жайып, қуана қарсы аламыз», – дейді Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Жұман Есмағамбетов.

blank blank blank blank blank Ауылда мектеп, дәрігерлік пункт тәрізді халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың жұмысы жақсы жолға қойылған.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жангелдин ауданы