Бүгін Федоров ауданының Лесной және Березов ауылдарына көгілдір отын берілді. Лесное ауылындағы газ құбырын салтанатты іске қосу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып, тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады.
Меңдіқара ауданында агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді
Соңғы екі жылда Меңдіқара ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында бірқатар маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асып, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға тың серпін берді. Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Бекбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Пробация есебіндегі мыңнан астам облыс тұрғыны жұмыспен қамтылады
Қостанайда «ЖұмысTime» облыстық акциясы биыл екінші рет ұйымдастырылды. Осылайша, сағат 11:00-де облыстың барлық қаласы мен ауданында бір мезгілде өткен іс-шара «Жұмысқа орналастыру – дәл қазір» ұранымен азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Қазақстан ауылдарында спорт инфрақұрылымы дамып келеді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.
Маман тапшы: аға буынды кім алмастырады?
Қабдол Абдрахманов – сарыкөлдік тәжірибелі механизатор. 1986 жылдан бері комбайн тізгінінде. Кеңес дәуірінен бері туған ауданының бірнеше ұжымшарында үзіліссіз жұмыс істеп, егін озаты атанған.
Студенттен әмбебап тігіншіге дейін
Қазіргі таңда бағдарлама арқылы тігінші, аспаз, құрылыс және басқа да техникалық мамандықтар бойынша білім алуға болады. Кейбір бағыттар жұмыс берушілердің сұранысына қарай онлайн форматта да ұйымдастырылады.
Ұлттық ұлан офицері суға батып бара жатқан баланы құтқарды
KAZINFORM мәліметінше, оқиға 15 шілде күні сағат 15:30 шамасында Қарағанды облысының Шұбар түбек кентіндегі ашық жағажайда болған. Белгілі болғандай, Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Балқаш көліне батып кеткен баланы құтқарып қалған.
Allur-да алғашқы роботтандыру орталығы ашылды
Қостанайдағы Allur кәсіпорнының өнеркәсіп саласы технологиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Яғни, өзінің ғылыми әлеуеті мен инженерлік мүмкіндіктерін кеңітіп, қабілетін танытып жатыр. Айтпағымыз, Allur автомобиль зауыты елімізде алғашқы болып роботтандыру, өндірісті автоматтандыру және жасанды интеллект технологиялары орталығын ашты.
Қостанайда шекарашыларға экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінде «Армиядағы заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламалары аясында әскери қызметшілерге арналған профилактикалық сабақ өтті.
Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын
Сайлау азаматтардың ел ісіне араласуы мен саяси белсенділігінің маңызды көрсеткіші саналады. Еуразиялық интеграция институты 2026 жылдың 3-13 шілдесі аралығында Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында азаматтар арасында бетпе-бет (face-to-face) сауалнама жүргізді. Жалпы іріктеу ауқымы 1640 респондентті құрады.
