Қостанайда шекарашыларға экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қостанайда шекарашыларға экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінде «Армиядағы заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламалары аясында әскери қызметшілерге арналған профилактикалық сабақ өтті.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Мырзабек Тұйғанов  экстремизм мен терроризм идеологиясының қауіптілігі, дәстүрлі емес және тыйым салынған діни ағымдардың зияны, цифрлық ортадағы ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ әскери қызметшілердің рухани құндылықтарды сақтауы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігі кеңінен түсіндірді.

Радикалды ұйымдардың азаматтарды өз қатарына тартуда қолданатын заманауи тәсілдеріне тоқталып, ақпараттық кеңістіктегі идеологиялық ықпалға қарсы тұру жолдарын нақты мысалдармен жеткізді.

Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті профилактикалық жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына алғыс білдірді.

Мұндай бірлескен іс-шаралар әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттырып, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етеді.