Студенттен әмбебап тігіншіге дейін

Студенттен әмбебап тігіншіге дейін

Қазіргі таңда бағдарлама арқылы тігінші, аспаз, құрылыс және басқа да техникалық мамандықтар бойынша білім алуға болады. Кейбір бағыттар жұмыс берушілердің сұранысына қарай онлайн форматта да ұйымдастырылады.

Курс тыңдаушысы әулиекөлдік Клавдия Муслимова тігіншілікке қызығушылығы бұрыннан бар. Оған дейін түрлі салада еңбек етті. Енді сертификат алып, тігінші атанды. Тегін оқып, стипендия да алды.

«Өзім аздап тіге алатынмын. Бірақ кәсіби білім алғым келді. Үш ай бойы теория мен тәжірибені қатар меңгердік. Жақында емтихан тапсырып, «Әмбебап тігінші» біліктілігі бойынша сертификат алдық. Егер курс оқысам қаншама ақша алар едім. Ал үкіметтен тегін оқытып, қосымша мамандық алып шығамын, ол деген жұмыссыз жанға жақсы мүмкіндік қой», – дейді ол.

Курс барысында тыңдаушылар киім пішуді, жөндеуді, қысқарту мен үлкейтуді, түрлі үлгідегі киімдерді тігуді үйренеді. Ең бастысы – оқу толықтай тегін әрі қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суретті түсірген Василий Васильев

Әулиекөл ауданы