Қаңтар айында биылғы алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. ҰБТ-ға қатысуға 167 мыңға жуық адам өтініш берген. Олардың үштен бірі «Математика және Физика», «Биология және Химия» бейінді пәндерін таңдаған.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллар көлемінде қаражат аударылды.
Академиядағы бір күн. Мақсат – кәсіби саламен байланысты нығайту
Қылмысты атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясымен бірлесіп, кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
Цифрлық технологиялардың денсаулыққа пайдасы мен зиянын біле жүріңіз
Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Түрлі гаджеттер күнделікті өмірді жеңілдеткенімен, денсаулыққа әсері жайлы пікірталастар толастамайды.
Тобыл төңірегі құлпыра түседі
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданында болды.
«Qosta quiz» интеллектуалдар сайысына шақырамыз!
Бүгін «Қостанай таңы» газетінің «Qosta quiz» интеллектуалдар сайысы өтеді.
Қостанайда жылу-энергетика компаниясының төлемдерді қабылдайтын жаңа пункттері іске қосылды
Қостанайда жаңа жылдан бастап жылу-энергетика компаниясының төлемдерді қабылдайтын екі қосымша пункті ашылды.
Алтынсарин ауданына жасанды интеллект бар камералар енгізілді
Алтынсарин ауданының аумағына 40 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 9-ы озық интеллект жүйелерімен жабдықталған.
Биыл Қостанай облысына қоныс аударатын қандастар үшін 150 квота бөлінді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 511 бұйрығымен Қостанай облысына 150 қандасты және еңбек күші артық өңірлерден 535 қоныс аударушыны қабылдау квотасы бекітілді.
«Ауыл шаруашылығын дамыту – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі»
Облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі хал-ахуалы туралы сұрақтарымызға жауап беріп, әртүрлі қолдау бағдарламалары жөнінде ақпарат берді.