Қостанайда жаңа жылдан бастап жылу-энергетика компаниясының төлемдерді қабылдайтын екі қосымша пункті ашылды.
Біреуі Абай көшесі 19 мекенжайындағы “Қостанай-Су” ғимаратында орналасса, екіншісі
Әл-Фараби көшесі 32 мекендайындағы коммуналдық қызметтер орталығында.
Төлем қабылдау пункттерінде тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты жылу компаниясымен келісім-шарт жасасуға болады.
Төлемдерді қабылдаудың барлық пункттерінің жұмыс кестесін еске сала кетсек, Бородин көшесі 231, Чехов көшесі 107, Абай көшесі 19 мекенжайларында жұмыс кестесі сағат
08:00-17:00 аралығында болса, Әл-Фараби көшесі 32 мекенжайында 09:00-18:00-ге қызмет көрсетіледі.