2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

ҚР ҰЭМ мен «Даму» қоры бизнесті жеңілдікпен несиелеудің 2 жаңа құралын іске қосты. Енді кез келген шағын не ірі кәсіпкер жеткілікті кепіл болмаса да қаржы ала алады.

Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген.

Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі.

Кепілсіз несиені рәсімдеу уақыты небәрі 2 күн.

Қазірдің өзінде 3,3 млрд ₸ көлеміндегі 34 жоба қолдау алды.

2025 жылдың соңына дейін -10 000 жоба,

2028 жылға дейін — жылына 50 000 бизнеске қолдау!

Бүгінгі таңдағы Даму қорының әріптестері Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, Freedom Bank, Fortebank, Bank RBK, Bereke Bank пен Қазақстан–Зираат Интернешнл Банк

Жаңа тетіктер — қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады .

Бұл бастамалар экономикалық өсімді жеделдету аясында іске асырылуда.