Арқалықта Отан қорғаушылар күні аталып өтілді

Арқалықта Отан қорғаушылар күні аталып өтілді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен ҚР Қарулы күштерінің мерекесіне арналған «Ерлігі ерен – ер бабам» атты салтанатты жиын өтіп, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

blank blank blank

Қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, марапаттауларды табыс етті.

blank

«Бұл күн – ерліктің, батылдық пен патриотизмнің символы болып саналады. Қарулы күштерде қызмет ету – әрбір қазақстандықтың мерейлі міндеті. Отан алдындағы қасиетті парызы. Жыл сайын Арқалық қаласынан мерзімді қызмет өткеру үшін жас азаматтар әскер қатарына шақырылып, ел алдындағы борышын абыроймен атқарып келуде. Жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде әскерилеріміз көмек қолын созып, қауіптің алдын алуда елге зор көмегін тигізуде. Біз оларға алғысымызды білдіреміз. Әскери қызметкерлеріміз қашанда мемлекетіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі болып қала бермек», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

Еңбек озаттарына облыс әкімінің және қала әкімінің «Құрмет грамоталары» салтанатты түрде табыс етілді.

blank blank blank blank blank blank blank blank Патриоттық іс – шара ел рәміздеріне құрмет көрсетумен астасып, қала өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Халықтық «Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі», «Ардагерлер хоры», «Ақбота» би ансамблі және «Жігіттер триосы» сынды іргелі ұжымдар өнерлерін паш етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank

1992 жылы 7 мамырда еліміздің қарулы күштері құрылып, содан бері үздіксіз дамып, бүгінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті айбынды әскерге айналды.

 

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы