Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстанда Әзербайжан Республикасының мәдениет күндері басталды
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Нәтижесінде өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды.
Республикалық ауыл олимпиадасына қатысушыларды тіркеу аяқталды
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды тіркеу аяқталды. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл олимпиадаға облыстың 18 өңірінен 3160 оқушы қатыспақ.
Полицейлер жол қозғалысын бақылауды күшейтуде
Күрделі апаттық жағдайға байланысты облыстық полиция жол қозғалысын қадағалаудың жаңа әдістерін енгізуді жалғастыруда.
Екі жүзден аса азамат әскери комиссиариатқа келмеген
Қостанайда 488 әскерге шақырылушының 266-ы әскери комиссиариатқа келмеген. Қалалық Қорғаныс істері басқармасының бастығы Батырхан Зиятовтың айтуынша, ол адамдардың тізімі жергілікті полиция қызметіне берілген.
Ұлттық құндылықтар дәріптелген этнофорум
Жыл өткен сайын мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыратын шаралар қатары түрленіп келе жатыр. Ал, оған қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай артуда. Лисаков қаласында өткен «Мемлекеттік тіл – халық қазынасы» атты этнофорум осыған айғақ. Форум асында ұлттық киімдер, ойындар мен тағамдар таныстырылып, қатысушылардың өздері бірге жасады.
Есірткі сатқан студент 11 жылға сотталды (ВИДЕО)
Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үш жасар бала магнит жұтып қойып, қаза тапты
Рудныйда үш жасар бала 10 магнитті жұтып қойып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін мерт болды. Бір айдан кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов Facebook-парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысында мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Қостанай облысының прокуратурасы Жер заңнамасының сақталуын талдау барысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.
Қостанай қаласы облыстық спартакиада жеңімпазы
Қарабалық ауданында өткен ХХХVII облыстық спартакиада мәреге жетті.