Баяу қарқынды және жергілікті мәдениет пен қоршаған ортамен тереңірек байланыстарды ынталандыратын баяу саяхат Түркиядағы ең маңызды демалыс баламаларының біріне айналды.
2024 жылғы 27-28 қыркүйек күндері аралығында Қостанай қаласында ақын, әдебиет зерттеуші ғалымы, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Әлемдік тәжірибе АЭС төңірегінде нені дәлелдеді?
Климаттың өзгеруі қазіргі заманның ең үлкен қауіптерінің біріне айналды. Көміртегі шығарындыларының арта түсуі бұл процесті мейлінше тезірек шешуге итермеледі. Париж келісіміне қол қойылған 2015 жылдан бастап халықаралық қауымдастық парниктік газ шығарындыларын азайту жолдарын белсенді түрде іздестіруде. Бұл туралы ranking.kz сайты жазды.
Сарыкөл ауданында сегіз жеке кәсіпкерлік нысаны ашылды
Бұған мемлекеттік қолдау шараларының ықпалы тиді.
Түркияның солтүстік Эгей теңізінің інжу-маржаны
Ежелгі зәйтүн ағаштарының көлеңкесіндегі көгілдір суларға қараған Ассос — Айда тауының етегіндегі Эгей теңізінің інжу-маржаны.
Ертең Қостанайда жылу беріледі
Қостанайда қазанның бірінен бастап тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды. IKomek ахуалдық орталығына 400-ден аса қала тұрғыны пәтердің салқындығын айтып, жылу берілсін деп хабарласқан. Ал бүгінде 17 әлеуметтік нысанға өтініштері бойынша жылу берілген. Қала әкімі Марат Жүндібаев кезең-кезеңімен жылу беруді бастау жөнінде тапсырма берді.
“Әуежай” шағын ауданында жаңа медициналық орталық ашылды
Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Бұл жайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған Жолдауында айтқан болатын. Осыған сай қаладағы «Әуежай» шағын ауданында «Grand Clinic Kst» жаңа медициналық орталығы ашылды.
“ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР”: Абыз ақсақал Қасымхан Алдабергенұлымен кездесу кеші өтті
Бүгін қарт майдангер, мәдениет саласының қайраткері, ардагер журналист, Қостанай облысының құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлының жүз жасқа қадам басқан туған күніне орай «Ғибратты ғұмыр» атты кездесу кеші өтті.
Берекелі Әулиекөлдің белсенді ардагерлері тазалық акциясына шықты
Елімізде «Таза Қазақстан» жобасы басталғалы бері үлкенге де, кішіге де тыным жоқ. Ауыл-аймақ, айнала түгелімен тазарып, барша азамат қолдан келгенше үлес қосуда. Бұл бастамаға әулиекөлдік ардагерлер де қосылып, орталық саябақтың ішін айнадай жарқыратып, жинап шықты. Осылайша немере бағып отырған зейнеткерлер бір сәтке бас қосып, ауданның тазалығына үлес қосып, қана қоймай, жас буынға үлгі көрсетті.
Қазақстанда 20 млн тонна астық бастырылды
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне орай, орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды.