Есірткі сатқан студент 11 жылға сотталды (ВИДЕО)

Есірткі сатқан студент 11 жылға сотталды (ВИДЕО)

Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған еді. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған.Күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден астам синтетикалық есірткі (“а-PVP”) тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да заттар табылды.

Көлеңкелі нарықтан алынған партияның құны шамамен 100 млн теңгеге жуықтайды.

Полицейлер 15 мыңнан астам дозаның айналымға түсуіне жол бермеді.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері заңсыз айналымнан 63 кг түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

 

Жаңалықтармен бөлісу