Қостанай қаласының жастарына арналған Open Air көңілді шоу бағдарламасы ұмытылмас әсер қалдырды, қатысушылар мен көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Ел қазынасы мемлекеттік кірістерге байланысты артады
Мемлекеттік кірістер органдарын құру мемлекет үшін маңызды қадам болды. Елдің көркейіп, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуі, білім беру, денсаулық сақтау, тәртіп пен өзара береке-бірліктің ұштасуы, қоғамдағы адамдардың өмір сүру ахуалының жоғарылауы, ұлттық стандартқа жету – мұның бәрі салық түсімдеріне байланысты.
Алаяқтан айла артылар емес
Қалада тіркелген әрбір үшінші қылмыс алаяқтық санатына жатады. Жыл басынан бері 667 қылмыс тіркелген. Күн сайын қаланың бес тұрғыны интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалады.
Сарыкөлдік кәсіпкерлер дала күніне қатысты
Сарыкөл ауданы Мелитополь ауылында дала күні форматында өткен іс-шараны “Мелитопольское” ЖШС агроқұрылым басшысы Эдуард Двуреченский мен “Rainbowagrosciencekazakhstan” компаниясы, Польшадан келген “Intermag” компаниясы және “Украгротехэкспорт” ЖШС бірлесіп іске асырды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді
Жаңа оқу жылында еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 145 мың орынға дейін артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп. Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Денсаулық пойызы Арқалықта
«Саламатты Қазақстан» жобасымен ел ішін аралап, халықтың денсаулығының нығаюына үлес қосып жүрген, арнайы медициналық құралдармен жабдықталған пойыз Арқалық жұртшылығына екі күн қатарынан қызмет көрсететін болады.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына бес жыл толды
Мекеменің облыстық филиалы өңірдегі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптаманы қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Қызыққа толы бәйге: тұлпарларымыз дүбірлі додаға дайын ба?
Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромына жиналған көрермендердің қарасы әуелдегіден ерекше қалың. Қостанай жылқы тұқымдары арасындағы тартысты бәйгеде қос жүлде иегерлерінің жеңістеріне куә болды. Жітіқаралық Тахминаға аламанда тең келер тұлпар болған жоқ. Сөйтіп ат иесі Қадырбек Тоқмурзин екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады.
Елімізде “Жайлы мектеп” жобасының аясында тұрақты 40 мың жұмыс орны ашылды
Жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде Қазақстанда ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі – Құрылысшы күні тойланады. Бұл күн – кәсіби біліктілігі мен білімінің арқасында еліміздің болашағына қызмет ететін ғимараттарды өз қолымен салып айналамыздағы әлемді көркейтетін жандардың еңбегін бағалап, құрмет көрсететін күн.
Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жастар кәсіби бағдар беру жұмыстарымен қамтылды
Бүгін 12 тамызда Қазақстанда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адам. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар.