Су тасқынынан зардап шеккендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің басшылығымен құрылған Арқалық өңірлік штабының кезекті қабылдауында су басқан Екідің ауылынан бір тұрғын палатка сұрап, өтініш жазған болатын.
Білімнің шамшырағы
Жедел құбылатын заманауи әлемде әлеуметтік тұрғыда бейімделуге және өз-өздерін дамытып-жетілдіруге даяр ұрпақтың білім нәрімен, тәлім-тәрбиемен сусындауына қолайлы да қауіпсіз орта жасау. Бұл – біз жұмыс істейтін мектептің алға қойған мақсаты. «KAZGUUSCHOOL.qst» – ағылшын тілі мен бизнес сабақтарын 1-сыныптан бастап тереңдетіп оқытатын мектеп. Мұнда оқушыларды үш мәрте тамақтандыру қарастырылған.
Уақыт талабынан туындаған заңнамалық құжат
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды заңға қол қойды. Бүкіл елдің назарын аударған өзекті тақырып қоғамда қызу талқыланғаны белгілі.
Депутат тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң ережесіне қатысты пікір білдірді
Елімізде күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Іле-шала депутаттар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң ережесін қатаңдатты. Жақында заңға Президент қол қойды. Күшейтілген заң елде әйел қауіпсіздігі күшейте ме, әлде ерлерді жығып бере ме? Қоғам екіге жарылып, әрқайсысы өз пікірлерін білдіруде.
Тасқын судан зардап шеккен Арқалық қаласы Родина ауылының пошташыларына жамбылдық әріптестерінен гуманитарлық көмек келді
«Қазпошта» Арқалық қалалық байланыс торабына кезекті жеткізілген поштамен бірге Жамбыл облысының Тараз қаласынан су тасқынынан зардап шеккен Родина ауылдық округінің пошташыларына көмек ретінде алты бірдей үлкен қораптар жеткізілді.
Батпаққара көтерілісіне лайықты баға берілді ме?
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде қазақ қоғамының дәстүрлі жүйесін бұзу, байлардың, кулактардың мүлкін тәркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сияқты көптеген оқиғалар мен тарихи өзгерістер болды. Экономикалық реформалар мен басқа да өзгерістер 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістеріне ұласты, 80 мыңға жуық адам қатысты. Биыл Қостанай округіндегі Батпаққара көтерілісіне 95 жыл толады.
Полицейлерді соққан адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға 24 сәуірде Қарабалық кентінде болған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғыны көлігін жергілікті полиция бөлімінің жанына қойған. Оған екі полиция қызметкері жақындап, бұл туралы ескерту жасаған. Полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған ол екі қызметкерді соғып, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
Арқалықта 2000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Арқалық жұртшылығы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала көшелер мен скверлеріне, орталық демалыс саябақтарына бір мезетте 2000 түп ағаш көшетін отырғызды.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Президент қолынан марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында еліміздің бірнеше азаматы марапатқа ие болды. Олардың арасында қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко да бар.
Су тасқыны кезінде ҚХА мүшелері қандай көмек көрсетті?
Сәуір айының басында облысқа төнген табиғи апат қазақстандықтардың достығы берік екенін тағы бір мәрте дәледеді. Соның арқасында басымыздағы қауіп-қатер дер уақытында сейілді. Ел басына күн туғанда бәрі ойланбастан туған жерін қорғауға асықты.