Өңірлік штаб су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғынынының өтінішін қанағаттандырды

Өңірлік штаб су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғынынының өтінішін қанағаттандырды

Су тасқынынан зардап шеккендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің басшылығымен құрылған Арқалық өңірлік штабының кезекті қабылдауында су басқан Екідің ауылынан бір тұрғын палатка сұрап, өтініш жазған болатын.

Өңірлік штаб мүшелері Несібелді Бәсенова мен Гүлмира Қапенова ауыл тұрғыны Марат Дүйсенбайдың өтінішін қабылдап, қолдарынан келгенше көмек көрсететіндіктері туралы уәде еткен. Көп уақыт өтпей Қостанай-Арқалық пойызы арқылы өздерінің демеушілігімен сатып алынған 5-2 м көлемді палатканы жеткізіп берді. Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы, өңірлік штаб жетекшісінің орынбасары Гүлбану Елтебаева палатканы Марат Дүйсенбайдың өз қолына табыс етті. Дер кезінде берілген көмекке шаруа күйттеген азамат риза болып, алғысын айтты.

Еске сала кетсек, Мараттың отбасына қаладан пәтер беріліп, балалары мектепке барып жүр. Өзі әзірше мал жағдайына байланысты ауылда тұрғысы келеді.

«Тұратын жерінің ыңғайсыздығына байланысты штаб мүшелеріне келіп, өзінің шаруасымен жүгінген. Шаруасын шешіп бердік. Отбасына 4 баласымен қаладан жайлы 3 бөлмелі пәтер берілді», – дейді Гүлбану Елтебаева.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу