Жанкелдин ауданы Жаркөл ауылына келіп жатқан тасқын судың қарқыны әлі де бой берер емес. Ауыл азаматтары екпінді ағынның күре жолды бұзып кетпеуі үшін дамылсыз күрес жүргізіп жатыр.
Арқалықтық студенттер тасқыннан құтқарылған оқушыларға рухани қолдау көрсетті
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Жас орда» студенттік бірлестігінің белсенділері су тасқынынан эвакуацияланған оқушыларға арнап «Балалық шақ мерекесі» бағдарламасын ұйымдастырды.
Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр
Солардың бірі – мемлекеттік қызметші, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Батырбек Әбділдин.
Арқалықта тазалық айлығы басталды
Тазалық шараларын қала мекемелері мен ұжымдары жылдағыдай қарқынды бастады. Алғашқы күннен қолдарына сыпырғыш, күрек ұстаған тазалық белсенділері қыстан шыққан қоқысты жинап, жол жиектерін қырып, тазалап, еңбектің ерен үлгісін көрсетті.
Шипажай су тасқынынан жапа шеккендерді сауықтырудан өткізеді
“Сосновый бор” шипажайы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасын қолдап, су тасқынынан зардап шеккендерді қабылдап жатыр.
Зардап шеккен аймақтардың тұрғындары inDrive арқылы жүк тасымалдауға 1 теңгеге тапсырыс бере алады
Танымал сервис су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары мейлінше жеңілдік жасап отыр. Енді Қазақстан аумағында бар болғаны 1 теңгеге жүк тасымалына тапсырыс беруге болады. Бұдан бөлек, inDrive үй-жай, мал-мүлкінен айырылған тұрғындарды қолдауға 50 мың доллар бөледі.
Шалғышыдағы ағайын дән риза
Сергей Комаров Қарасу ауданы Октябрь ауылының тумасы. Жедел жәрдем жүргізушісі өз саласының маманы ғана емес, 14 жылдан астам уақыт бойы жұмысына шын берілгенін байқатып жүр.
КЖБИ ауданындағы көпір ертең ашылады
КЖБИ ауданындағы көпір көлік қозғалысы үшін 12 сәуір, сағат 8:00-ден бастап ашылады. Бірақ тек жеңіл көліктер ғана жүре алады, ал жүк көліктеріне дүйсенбіден бастап қана рұқсат етіледі. Сол уақытқа дейін жол төсемі кеуіп, ауыр техниканы көтере алатындай болуы керек
Қостанайлық оқушы республикалық өнер байқауынан бас жүлдемен оралды
Түркістан қаласында өткен «Наурыз Fest» балалар мен жасөспірімдер байқауында қостанайлық оқушы Айша Балғынбек Гран При иеленді. Ол өнерпаздар сынында жетіген аспабымен күй тартып, төрешілерін тәнті еткен.
Тазалық акциясы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың барлық кәсіпорындары мен ұйымдары өздеріне тиісті аумақтарын тазартуға кірісті. Оған мекемелер ғана емес барлық қала тұрғындары аулаларын, алаңдарын, маңайындағы саябақтарды, көшелерді қоқыстан арылтуға шама-шарқынша араласып жатыр.