Қонайда үш жыл бұрын 19 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған еді. Мердігер «Ақтөбе Сәулет» ЖШС 17 үйді салуға шарт жасасқан. Олар 9 үйді пайдалануға берді, қалған көп қабатты 8 үй әлі салынып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыстың баяу жүріп жатқанын сынға алды.
Қостанайда жетпіс мыңнан астам бұта отырғызылды
Қостанай қаласында көктем басталғалы бері 1 607 қарағай көшеті, 255 терек, жетпіс мыңнан астам бұта отырғызылды. Келесі аптадан бастап жаз басталады. Күн ысып, ауа температурасы жоғарылайды деген болжам бар. Жас көшеттер аптап ыстықта қурап қалмауы үшін уақытында суарып отыру қажет. Қала әкімі Марат Жүндібаев аппарат жиналысында осылай деді.
Бүгін Қостанайда сатира кеші бастау алды
Қазақы қалжыңның хас шебері, «Қыр елінің Крыловы» атанған, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі Тобыл өңірінде бастау алды.
Табиғат көрінісін бейнелеген Айкүміс
«Менің әлемім» байқауына Жанкелдин ауданы, Шеген ауылынан 7 жасар Асқар Айкүміс те қатысып отыр.
Байқау қатысушысы – Серік Ақнұр
«Менің әлемім» байқауына Жанкелдин ауданы, Шеген ауылынан Серік Ақнұр қатысып отыр.
Студентке тиімдісі не?
Бүгінде аймақта 34 колледж бар, бұл білім ордаларында 22 мыңға жуық студент білім алуда. Олар болашақта жоғары білім алып, маман иесі болу үшін әрі қарай білім алуды көздейді. Ол үшін қандай мүмкіндік бар, жолы қандай деген сұрақтарды А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен Ашық есік күнінде талқылады.
Балалығын соғыс ұрлаған
Соғыс жылдарында бала болып, ойнамаған, тойып тамақ жемеген, соғысқа аттанған әкесі мен ағасын сарыла күтіп, таң қылаң бере егістікке жөнелген бүлдіршіндер – бүгінде немере-шөбересін алақанына аялаған ата-әже. Ұзынкөл ауданында тұратын Кашира Қалиқызы соғыс ұрлаған бала күндері туралы айтқанда көмейден шыққан үн естігеннің денесін шымырлатады.
Арқалықтағы қайта түлеген кәсіпорын
Арқалықта жылумен жабдықтау жүйесі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен толықтай жаңартылады. Сондай-ақ ұжымда еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Былтыр облыс бюджеті есебінен 11 жаңа техника сатылып алынды. Биыл да кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары жоспарланып отыр.
Ендігі мәселе –жер мен жол
Халық сөзі – үлкен жауапкершілік. Оны аудандағы депутаттар қалай сезініп жүр? Немесе жұртшылықтың оларға айтары не?
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ
Соңғы жылдары Науырзым ауданында тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Қарамеңді кентінде он жылдың ішінде көппәтерлі бес үй ел игілігіне айналған. Ілкімді іс биыл да жалғасын тапты. Мұнда ұзақ жылдан бері бос тұрған 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.