«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVI облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестиваль шеруі Лисаков қаласында жалғасты. Жері жомарт, көптеген ұлт пен ұлыстарды бауырына басқа моно шаһар әрқашан талантты жандарға бай.
Кітапхананың ғажайып түні
Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Кітапхана түні» өтті. Осы жолы оқырмандарға арналып 40-қа жуық бөлім әзірленген.
Aikomek қызметі облыстық ауқымдағы бірыңғай байланыс орталығына айналуы мүмкін
Дәл осындай трансформация 8 өңірде жұмыс істеп тұрған Aikomek қызметтерін біріктіру арқылы жүзеге аспақ. Мұндай ұсынысты бүгін, 25 сәуір күні облыстық Ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста мәлімдеді.
Мектеп оқулықтарын планшет алмастыра ма?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: жаза қалай өзгереді?
2023 жылдың 20 сәуірінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулерге қол қойған болатын. Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов және жергілікті полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жазаның қалай өзгеретіні туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтып берді.
Ауылдарды интернетпен қамтуға арналған сайт іске қосылмақ
Енді елімізде әр елді мекенді интернетпен қамту бойынша ақпарат әзірленіп, ол арнайы сайтқа жүктеледі. Сол арқылы ауылдарды интернетпен қамту жағдайымен танысу мүмкіндігі туады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанайлық полицейлер аса ауыр қылмысты ашты
11 сәуір күні Тобыл қаласында 59 жастағы әйелдің мәйіті табылып, сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын бұған жазған едік.
Қостанай облысының әкімі өңір басшыларын сынға алды
Көп салада өсім байқалады. Бірақ жақсы табысқа қол жеткізу үшін әлі де қарқын қоса түсу қажет. Оның үстіне, жыл басынан бері жылжысы байқалмай отырған өңірлерге тағылар мін көп. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиында өңірдің 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.
Арқалықта егіс науқанына дайындық барысы пысықталды
Қала әкімі Әмірхан Асановтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында көктемгі егіс науқанына әзірлік барысы қаралды.
Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды
Қостанайлық спортшылар үшін өткен жыл табыссыз болған жоқ. Оған сан додада топ жарып, байрақты бәсекеде тайсалмай сынға түскен саңлақтардың жетістігі дәлел.