Арқалықта егіс науқанына дайындық барысы пысықталды

Арқалықта егіс науқанына дайындық барысы пысықталды

Қала әкімі Әмірхан Асановтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында көктемгі егіс науқанына әзірлік барысы қаралды.

Арқалық қаласы бойынша 327 шаруа қожалығы, 51 ЖШС және 3 мемлекеттік заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асырады. Оның ішінде мал шаруашылығымен 18 ЖШС және 126 ШҚ айналысады. 2022 жылы Арқалық қаласы бойынша жалпы астық жинауы – 236 мың тонна, орташа өнімділігі – 8,6 ц/га (2021 жылы – 113 мың тонна, орташа өнімділігі – 4,0 ц/га) құрады.

Қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Құлетовтің баяндамасында айтылғандай биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 7 тауар өндірушілерінің129 млн 180 мың теңгеге қаржыландырылу өтінімі қарастырылуда.

Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпарация» АҚ-мы арқылы егін егу және егін жинау жұмыстарына 852 млн теңгеге 25 ауыл шаруашылығы құрылымдарының өтімдері қарастырылып, қаржыландырылуда.

Қазіргі таңда 19ауыл шаруашылығы құрылымдарының өтіндері 718 млн тенгеге қаржыландырылды, оның ішінде «Арқалық» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 638 млн теңге сомасына 16 ауыл шаруашылығы құрылымдары қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге 385 трактор,370 егіс агрегаты, 49 өнімділігі жоғары егіс кешені және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы қатысатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасының қазіргі дайындығы 90% – ті құрайды.

«Егіс науқанының тәуліктік тапсырмасы орташа есеппен 19 мың гектарға деп болжам жасаудамыз. Бұл – ғылыми ұсыныстарға сәйкес оңтайлы мерзімде егін егуге мүмкіндік береді»,-дейді Руслан Есболатұлы.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 4 мың 697 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Бағасы 1 литр үшін – 223 теңге.Тасымалдаушы операторларда дизел отының көлемі жеткілікті.

М. ЖҮНІСҰЛЫ.

 Арқалық қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу