Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2023» республикалық байқауының облыстық кезеңінің финалы ұйымдастырылды. Аталмыш байқау дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілік деңгейін, олардың эрудициясын, дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреттілігін үнемі арттыруға арналған. Байқау Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейі мен №28 мектеп-гимназиясында өткізілді. Үміткерлер үздік мұғалім атағы үшін бақ сынап, өзара сынға түсті. Әртүрлі кезеңде тиісті тапсырмалар […]
Науырзым қызғалдағы бүр жарды
Қызғалдақ қазақ жерінен тараған. Қазақ жерінің далалық аймақтарында көп кездесетін өсімдіктердің бірі қызғалдақ гүлі. Кездесетін 32 түрінің 12-сі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Оның сирек кездесетін 18 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген. Қазақ жерінде осынау әсем гүлдің сонша көп түрі кездескеннен кейін Қазақстан – қызғалдақтар отаны болып саналады.
Террористік қауіп жағдайындағы журналистика
Шымкенттегі «Ақтас» полигонында «Найза-Антитеррор-2023» Республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинары өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған отыздан астам адам «Террористік қауіп жағдайындағы журналистика» атты екі күндік іс-шараға қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – арнайы тілшілерді терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақтағы оқиғаларды жариялауға дайындау, сондай-ақ теориялық білім мен дағдыларды тәжірибеде пысықтау. ҚР ҰҚК Терроризмге […]
Азаптаудан аман қалған кейуана
Мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс аумастырған болатынмын. Оған дейін, ұстаздық еңбек жолымда дәл осындай оқиғаларды тек қана кітапханада Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерден оқитынмын. Осы орталықта өзіме қарасты қарттармен күнделікті әңгімелесе отырып, мына бір әңгіме құйқа-басымды шымырлатып, төбе шашымды тік тұрғызды. Естігесін 2-3 күн ұйқыдан айырылып, қолыма қалам алып, сіздерге жолдауға бел будым…
Мамандар дәріс оқыды
Қостанай облысындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары үшін дәрістер өткізілді.
«Әкешім – мақтанышым!»
Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бергені – ең үлкен жауапкершілігі әрі өмірлік бақыты. Ананың орны қашан да төр. Бірақ отбасының бәйтерегі – асқар тау әкенің орны айрықша ғой. Патша, ұлық, би-шешен болмаса да, әке бала үшін тау тұлға!
Назарбаев қоры Қостанайдағы екі бірлестікке 2,5 млн теңгеден демеушілік жасады
Бүгін Назарбаев қорының өкілдері облыс басшылығымен және қоғамдық бірлестік басшыларымен кездесу өткізді. Жиын аясында қор тарапынан екі бірдей ұйымға демеушілік жасалды.
Ел татулығы отансүйгіштікке жетелейді
Халқымыздың этно саясатымен жүзеге асырылып жатқан конфессияаралық келісіміміз ел жастарын отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеп, бірлігіміздің артуына нақты себеп. Бұл ынтымағамыз жастар ассамблеясы мен түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруде.
Шеберлігі зергерлікпен астасқан
Бүгінгі «Сән мен сымбат» айдарының кейіпкері Қостанай қаласының тұрғыны – Гүлжанат Нұржан. Ол әйелдерге арналған қажекей мен этно шапандарды ұлттық нақышқа бейімдеп, әшекейлермен безендірумен айналысады. Бұйымдары көздің жауын алады.
Жануарлар чиптеледі
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеуді ұсынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден айтты.