19 июня, 2025
Қостанай көркейе түспек
Билік, Қостанай ақпарат

Қостанай көркейе түспек

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов және қала әкімі Марат Жүндібаев бастаған аймақтың атқамінерлері Қостанай көшелерін автобуспен аралап шықты. Облыс әкімі жергілікті журналистермен бетпе бет сұхбаттасып, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыруға қатысты жоспарларды талқылады.

Толығырақ
Әулиекөлде бойы екі метрден асатын қыз тұрады
Әлеумет

Әулиекөлде бойы екі метрден асатын қыз тұрады

Әулиекөл ауданында тұратын Аружан Ишанбекова – Қазақстандағы ең бойшаң арулардың бірі. 17 жастағы студенттің бойы екі метрден асады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Аружан анасымен бірге осы ерекшелігі туралы KAZ.NUR.KZ -ке сұхбат берді.

Толығырақ
Қостанайда “синтетика” тасымалдаушы жігіт ұсталды (видео)
Құқық

Қостанайда “синтетика” тасымалдаушы жігіт ұсталды (видео)

Тұрғын үйлердің бірінің ауласында жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеті тәркіленді. – Ұсталған адам бір апта көлемінде Telegram қосымшасы арқылы есірткі заттарын сатқан. Төлемді банк картасымен қабылдаған. Есірткіні осылай сата отырып, ол жауапкершіліктен құтылатынына сенімді болған, – деді Қостанай облысы […]

Толығырақ
Гашек көшесіне автобус қатынай ма?
Қостанай ақпарат

Гашек көшесіне автобус қатынай ма?

Қостанай қаласының Гашек көшесіндегі Күштік спорт түрлерінің академиясында 650-ден астам бала шынығады. Бір «әттеген-айы», спорт нысанына дейін қоғамдық көлік қатынамайды. Жасөспірімдер алыстағы аялдамадан түсіп қалып, ары қарай жаяу барады. Әсіресе, қыста қиын. Балаларының қауіпсіздігіне ата-аналары да алаңдаулы. Аталған мәселе Қостанай қаласы әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде сөз болды.

Толығырақ
Даму индексі: жастарға жарқын бағдар
Ел пікірі

Даму индексі: жастарға жарқын бағдар

Жастардың даму индексінің енгізілуі олардың қоғамдық-саяси процестерге белсене қатысуын арттыруға ықпал етеді.     Кез келген мемлекеттің дамуының негізін бүгінгі жастардың әлеуеті айқындайтыны сөзсіз. Дамыған елдердің тәжірибесіне, халықаралық әдістемеге сүйеніп, Қазақстанда жастардың даму индексінің енгізілуі әлемде қалыптасқан үрдіс және ел жастары үшін де, мемлекет үшін де маңызы үлкен болмақ.    

Толығырақ
МЕРЕКЕ КҮНГІ МАРАПАТ (фоторепортаж)
Мереке

МЕРЕКЕ КҮНГІ МАРАПАТ (фоторепортаж)

Халықаралық Әйелдер күні мейрамын атап өту өңірімізде кең үрдіс алған. Бүгін Жастар сарайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақтың түкпір-түкпірінен шақырылған ел аналарын, аяулы әжелерді, қоғамда белсенділік танытып жүрген саясаткер нәзік жандыларды, көп балалы келіншектерді, білім, ғылым, медицина, бұқаралық, мәдени-спорттық салаларда жетістіктерге жеткен әйелдер қауымын құттықтады.

Толығырақ
Шытырманға толы Шилі бөгеті
Құқық

Шытырманға толы Шилі бөгеті

Жанкелдин ауданының Шилі ауылындағы бөгет құрылысына қатысты басталған сот әлі жалғасуда. Айта кетейік, Қостанай қалалық №2 сотында Жанкелдин аудандық ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Талғат Әміров, «Energy Constrution-2020» ЖШС директоры Берік Дүйсембаев және «Құрылыста Экспертиза» ЖШС сарапшысы Ғабит Алинге ҚР ҚК 189-бабы, 4-тармағының 2-тармақшасы бойынша айып тағылған.

Толығырақ