Рудныйда сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бақылаушы осылай дейді. Рудный қаласындағы №137 сайлау учаскесінде де сайлаушылар легі толастар емес. Халық бір кісідей келіп, өз таңдауларын жасауда. Бақылаушы Василий Бучко учаскедегі жағдайдың қалыпты, ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтады. — Бақылаушы ретінде жұмыс орныма таңғы сағат алтыда келдім. Маған жүктелген жауапкершілік жоғары екенін білемін. Сайлау еш кедергісіз, қалыпты […]
«Әр азамат жауапкершілікті сезінуі керек» дейді Сарыкөл тұрғыны
Сарыкөл ауданының тұрғындары таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Аумақтық орталық сайлау комиссиясы төрайымы Гүлшат Жұбанованың мәліметінше, аудан бойынша 33 учаске орналасқан. Ондағы сайлаушылар саны – 12 387 адам. Таңғы сағат 7:00-ден бастап сарыкөлдіктер сайлауға білек сыбана кірісті. №668 сайлау учаскесінде ең бірінші болып Алдоңғар Дошанова дауыс беріп, алғашқы келгені […]
Көңілді сайлаушылар
️Қашар кентінде өнерпаздар тұрғындарармен бірге ән шырқап, сайлау учаскелерін думанға бөледі. Қашар кентінде 6793 сайлаушы бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 31. Мұндағы бес учаскенің біреуі жұмысын толықтай орындап болған, қазір дауыс саналып жатыр. «Дауыс беру белсенділігі жоғары. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Учаскеде өнерпаздар елдің көңілін көтеріп тұр. Өзім де дауыс бердім», – дейді […]
Әр дауыс маңызды
Ел ертеңі үшін жасалып жатқан әр іс маңызды. Бұл Аманкелді ауданының жергілікті билік өкілдерінің ұстанымы. №227 сайлау учаскесіне аудан әкімі Талғат Карбозов келіп, өз таңдауын жасаған еді. — Тәуелсіз елде тұратын әр адам өз таңдауын жасауы керек. Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Ұлтымыздың болашағына байланысты маңызды шешім қабылданады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының […]
Сайлау-2023: 12.10-дағы мәлімет
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 % бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 33,58% 2. Ақмола облысы бойынша – 33,63% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18% 4. Алматы облысы бойынша –34,41% 5. Атырау облысы бойынша –30,66% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –33,61% 7. Жамбыл облысы […]
Учаскеге отбасымен барды
Науырзым ауданында таңғы 7:00 ден бастау алған сайлау өз деңгейінде өтуде. Алғашқы келушілерге сайлау учаскесінің төрағалары естелік сыйлықтар табыс етіп, қуантуда. Бірінші келіп, сыйлық алғандардың қатарында Расулхан Ешмұрат та бар. Ол бүгінгі күннің маңызын жақсы түсінеді. «Ерте тұрғанның ырысы артық» деген осы болар. Мен сияқты ерте келген бірнеше азаматқа сый-сияпат жасалғаны қуанышты», – дейді Расулхан. […]
Тұрғындар аса белсенді
Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында орналасқан №45 сайлау учаскесінде барлығы 2444 сайлаушы тіркелген. Соның ішінде 71 адам таңғы сағат жеті мен сегіз жарым аралығында дауыс беріп үлгерді. Тұрғындар аса белсенді. Аталған сайлау учаскесі Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимаратында орналасқан. Учаскенің кіреберісі Наурыз мейрамына арналған баннермен безендіріліп, ұлттық әуендер ойналып тұрды. Сайлаушылар үшін […]
Қашар мен Горняцк кенттері сайлауды ерекше қарқынмен бастады
Қашар кентінің тұрғындары түске дейін дауыс беріп үлгерді. Бұл олардың ерекше белсенділігінің дәлелі. Қазір учаскелер дауыс санауды бастаған.
Сайлау-2023: аралық мәлімет
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 15,13 % 2. Ақмола облысы бойынша – 15,61 % 3. Ақтөбе облысы бойынша – 12,44% 4. Алматы облысы бойынша – 15,32 […]
Өңір басшысы дауыс берді
Бүгінгі ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының Пушкин көшесінде орналасқан музыка мектебіндегі №3 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Соңынан тілшілерге сұхбат берді. «Бүгін мемлекетеміз үшін өте маңызды күн. Біз еліміздің болашағының жарқын болуына таңдау жасап жатырмыз. Биылғы сайлау жаңа форматта өтуде. Үміткерлер арасында да […]