Қостанай облысы бойынша ҚР Мәжілісімен барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды.
Сайлау-2023: дауыс беру аяқталды
Сағат 20:00-де еліміздің барлық аймағында сайлау учаскелері өз жұмысын толығымен тоқтатты. Аманкелді ауданындағы №227 сайлау учаскесіне 756 адам тіркелген. Оның 522-сі келіп, өз дауысын берді. Дауыс беру кезінде ешқандай да жанжал орын алған жоқ. Ол туралы №227 сайлау учаскесінің төрағасы Бекболат Сақтапбергенұлы баяндап берді.
Торғайлық қарт ананың үйден дауыс беруіне жағдай жасалды
Бүгінгі сайлауда барлық өңірде үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды. Комиссия өкілдері егде жастағы тұрғындардың шаңырағына арнайы барып, таңдау жасауына жағдай жасады. Шалғайдағы Торғай өңірінде де қарияларға қызмет көрсетілді.
Дауыс беру әлі жалғасып жатыр
Қостанай қаласындағы №11 мектеп ғимаратында орналасқан №25 және №853 дауыс беру учаскескелерінде тұрғындар таңертеңнен бері өз таңдауын жасап, қалаған партияларына дауыс беруде. – Сайлау учаскелері барлық талаптарды сақтап, жұмыс істеуде. Таңғы сағат 7.00-ден бастап тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Учаскеде жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастырды, сайлаушыларға да барлық тиісті жағдайлар жасалды. Таң атпай алғаш келген сайлаушыларға […]
Мәслихат депутаттығына жастардың түсіп жатқаны қуантады
Мен, бүгінгі сайлауға алғашқылардың бірі болып келіп, таңдау жасадым. Сайлауда дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. Әрі әр тұрғынның дауысы маңызды деп есептеймін. Сондықтан, бүгінгі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл сайлауда Сарыкөл аудандық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан үміткерлер де бар. Солардың ішінде депутаттыққа жастардың көбірек түсіп жатқаны […]
18:00-дегі жағдай. Қостанай облысы алдыңғы қатарда
Осы уақытқа дейін сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жауапкершіліктің белгісі
Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Еңбек даңқы» орденнің иегері Жанай Ерғабылов учаскеге отбасымен барып дауыс берді. Елдегі саяси ақпаратқа қанық жан ел болашағы үшін деп таңдау жасағанын айтады. – Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінуін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Бірлігі жарасқан ел әрқашан мықты, болашағы жарқын болады, — дейді Жанай […]
Бәрі талапқа сай
Жангелдин ауданындағы учаскелерде 15 бақылаушы жұмыс істеп отыр. Олардың қатарында таңнан бері сайлау процесін қас қақпай қадағалап отырған Кәмшат Бекхожина да бар. – Таңғы сағат 7:00-де учаске ашылғаннан осындамыз. Мен «AMANAT» партиясының бақылаушысымын. Сайлау әділ, талапқа сай жүріп жатыр. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. №308 сайлау учаскесіне 630 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін 400-ден […]
Халық ақынының таңдауы
Бүгінгі ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстанның халық ақыны, Халық ағарту ісінің үздігі, Қостанай облысының Құрметті азаматы Әсия Беркенова №855 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бұл саяси науқанда еліміздің әр азаматы өз таңдауын жасап, дауыс беруге құқылы әрі міндетті. Осы жолғы сайлаудың ерекшелігі – жалпы партиялық тізімнен өзге, жеке үміткерлер додаға […]
САЙЛАУ: сағат 16:00-дегі мәлімет
Республика бойынша сайлау барысында сайлаушылардың 51,98 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты.