18:00-дегі жағдай. Қостанай облысы алдыңғы қатарда

18:00-дегі жағдай. Қостанай облысы алдыңғы қатарда

Осы уақытқа дейін сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 56,14%

2. Ақмола облысы бойынша – 59,49%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%

4. Алматы облысы бойынша – 59,74%

5. Атырау облысы бойынша – 49,19%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%

9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%

10. Қостанай облысы бойынша – 65%

11. Қызылорда облысы бойынша – 65,7%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%

15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%

18. Астана қаласы бойынша – 40,94%

19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%

20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%

«Жалпы, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,11 пайызын құрайды», – деді Шавкат Өтемісов.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.

Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде.

Жаңалықтармен бөлісу