Торғайлық қарт ананың үйден дауыс беруіне жағдай жасалды

Торғайлық қарт ананың үйден дауыс беруіне жағдай жасалды

Бүгінгі сайлауда барлық өңірде үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды. Комиссия өкілдері егде жастағы тұрғындардың шаңырағына арнайы барып, таңдау жасауына жағдай жасады. Шалғайдағы Торғай өңірінде де қарияларға қызмет көрсетілді.

Жанкелдин ауданындағы №308 орталық сайлау учаскесінің комиссия мүшелері және бақылаушылары Ж.Қосабаев көшесінің тұрғыны, аяулы әже, ардақты ана Тәтті Мамырбаеваның шаңырағына сайлау жәшігімен барып, сайлаушының таңдау жасап, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.

Жаңалықтармен бөлісу