Күдер үзбеймін, үмітім зор
Ел пікірі

Күдер үзбеймін, үмітім зор

Мен Қостанайдағы №8 шағын ауданындағы өз мекенжайым бойынша дауыс бердім. Таңғы сағат 10 кезінде сайлау учаскесіне дауыс беру бюллетенін алуға тұрғандардың кезегі созылып қалыпты. Жұрттың қабағы жарқын, жүзінде жылылық ұялаған. Ал есіктің алдында кешелі бері алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн терісі жібімей жатып алатын үрінді кардың «көңілі босап қоя бергендей» еріп жатыр. Шынымды айтайын, кеудемде бір […]

Толығырақ
Дауыс беріп, сыйлық алды
Қостанай ақпарат

Дауыс беріп, сыйлық алды

Жангелдин ауданы бойынша барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00 де жұмыстарын бастады. №308 сайлау учаскесінде 630 сайлаушы тіркелген. Алғашқылардың бірі болып, балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Кәмшат Бекхожина дауысып беріп, сыйлыққа қол жеткізді. «Әр адамның дауысы маңызды. Үміткерлердің бағдарламаларын шолып шықтым. Өзіме ұнағанына дауыс бердім», – дейді сыйлыққа кенелген тұрғын. Қазір аталған сайлау учаскесінде алпыстан […]

Толығырақ
Зейнеткер бірінші болып дауыс берді
Басты жаңалықтар, Сайлау

Зейнеткер бірінші болып дауыс берді

Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияда орналасқан №22 сайлау учаскесінде сайлаушылар таңнан келіп, дауыс беріп жатыр. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Брунердің айтуынша, мұнда барлығы екі мың жарым сайлаушы тіркелген. «Сайлаушылар белсенділігі жақсы. Әсіресе, алғашқы төрт сайлаушыға шағын сыйлығымызды табыс еттік. Дауыс беру барысын бақылаушылар қадағалауда», – деді Светлана Брунер. «Ылғи да бірінші келемін. Бұл жолы […]

Толығырақ
Аманкелділіктер белсенді қатысып жатыр
Басты жаңалықтар, Сайлау

Аманкелділіктер белсенді қатысып жатыр

Таңмен таласа сайлау учаскелеріне асыққан тұрғындарды көп кездестіруге болады. №227 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де ең бірінші болып Қуатбек Айтмағанбетов есімді тұрғын келді. Оған алғашқы келгені үшін арнайы сыйлық табысталды. — Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өте үлкен саяси қадам. Бұл барша қазақ үшін маңызды шешім қабылданатын сәт. Мен сайлаудан […]

Толығырақ
Елге қызмет – ерге міндет
Ел пікірі

Елге қызмет – ерге міндет

Бүгін қазақ елінің тарихындағы ерекше күн. Түркі тектес халықтардың мерекесінің қарсаңы – қыс пен жаздың теңелген уақытында сайлау өтіп жатыр. Мен өзім тұратын Родина ауылындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте орналасқан №82 сайлау учаскесіне барып даусымды бердім. Бұл сайлаудың мәртебесі жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқының азаматтарына жалпыға бірдей сайлауға түсуге мүмкіндік берді. Сайлауда […]

Толығырақ
Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды
Басты жаңалықтар, Сайлау

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды

Астана уақыты бойынша сағат 7:00-де еліміздің барлық өңірлерінде сайлау учаскелері ашылды. Бір сағаттан кейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында да сайлау басталады. Сондай-ақ, шетелде жүрген ел азаматтары да өз дауыстарын бере алады. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді ОСК сайтынан таба аласыз. Ашылған бетте өз өңіріңізді таңдап, ЖСН енгізу керек.

Толығырақ