Мен, бүгінгі сайлауға алғашқылардың бірі болып келіп, таңдау жасадым. Сайлауда дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. Әрі әр тұрғынның дауысы маңызды деп есептеймін. Сондықтан, бүгінгі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек.
Бұл сайлауда Сарыкөл аудандық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан үміткерлер де бар. Солардың ішінде депутаттыққа жастардың көбірек түсіп жатқаны мені қуантады. Олардың қоғамда қандай жұмыстар атқарып жүргенін білеміз, сол үшін де өте жақсы сайлау болады деп ойлаймын.
ҚР азаматы ретінде, осы ауданның тұрғыны ретінде бұл сайлаудан көп өзгеріс күтемін. Болашақта жастар депутат болып жатса, ауылдарда жастардың тұрақтануына көңіл бөлетініне сенемін.
Жәнібек МӘКЕНОВ,
№23 Сарыкөл аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері