Учаскеге отбасымен барды

Учаскеге отбасымен барды

Науырзым ауданында таңғы 7:00 ден бастау алған сайлау өз деңгейінде өтуде. Алғашқы келушілерге сайлау учаскесінің төрағалары естелік сыйлықтар табыс етіп, қуантуда. Бірінші келіп, сыйлық алғандардың қатарында Расулхан Ешмұрат та бар. Ол бүгінгі күннің маңызын жақсы түсінеді. “Ерте тұрғанның ырысы артық” деген осы болар. Мен сияқты ерте келген бірнеше азаматқа сый-сияпат жасалғаны қуанышты», – дейді Расулхан.
Сайлаушылар қатарында аудан басшысы Қайрат Әбішев те бар. Ол Қарамеңді орталығындағы №870 сайлау учаскісіне барып ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.
-Бүгін еліміз үшін барлық деңгейдегі депутаттардың сайлау өтуде. Әр азамат өз таңдауын жасап жатыр. Бүгін таңғы 7-ден бастап аудан бойынша 15 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, келіп жатыр. Бұл әр азаматтың өз таңдауы, мемлекетіміздің тағдырына бейжай қарамайтындығын көрсетеді, – дейді аудан әкімі.
Көпбалалы Айдос пен Ақгүл Хамзиндер де сайлауға келіп, өз таңдауларын жасады.
– Жұбайымыз екеуіміз дауыс беруге келдік. Биылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутат сайлауының маңыздылығы жоғары екенін түсінеміз. Сондықтан отбасымен келіп, алғашқылардың қатарында өз таңдауымызды жасадық. Бұл отбасымыз үшін, балаларымыздың келешегі үшін маңызды, – дейді отағасы Айдос.

Жаңалықтармен бөлісу