Рудныйда сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бақылаушы осылай дейді.
Рудный қаласындағы №137 сайлау учаскесінде де сайлаушылар легі толастар емес. Халық бір кісідей келіп, өз таңдауларын жасауда. Бақылаушы Василий Бучко учаскедегі жағдайдың қалыпты, ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтады.
– Бақылаушы ретінде жұмыс орныма таңғы сағат алтыда келдім. Маған жүктелген жауапкершілік жоғары екенін білемін. Сайлау еш кедергісіз, қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Таңертең ертемен адамдар көп келді, тіпті кезек те болды. Қазір сайлаушылар кезегімен келіп, еш кедергісіз дауыс беруде, – дейді ол.
Кеншілер қаласында ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары Даниэль Элизабет Крейг (Ұлыбритания) пен Микел Очоа Диего (Испания) да сайлау учаскелеріне сағат 6.00-де барып жүр.