Қостанайда референдум учаскелері мектептерде, мәдениет үйлерінде және басқа да қоғамдық ғимараттарда орналасқан. Дауыс берушілердің ыңғайы үшін әдеттегідей дауыс беруге арналған кабиналар мен бюллетеньдерге арналған жәшіктер қойылған.
Таңертеңнен бастап «Мирас» мәдениет үйіндегі №62 сайлау учаскесіне азаматтар белсенді түрде келіп, дауыс беруде. Адамдар жеке-жеке, жұбайларымен, достарымен немесе таныстарымен келіп, жеке куәліктерін көрсетіп, бюллетень алып, дауыс беру кабиналарына өтіп жатыр.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ бар: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? Жауаптың екі нұсқасы ұсынылған: «иә, қабылдаймын» немесе «жоқ, қабылдамаймын».
«Бұл учаскеде 1800 адам тіркелген. Олардың ішінде алғаш рет дауыс беретіндер — 7 адам, ал туған күні бүгінге сәйкес келетіндер — 6 адам», – дейді учаскелік комиссия төраағасы Зухра Иманова.
Алғаш болып Сағындық Шаймұханов дауыс берді. Ол 54 жаста, және екінші рет өзінің сайлау учаскесіне ең бірінші болып келіп отыр.

Учаскеде сондай-ақ бақылаушылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Олар дауыс беру рәсімдерінің дұрыс сақталуын қадағалап отыр.
