Жүргізушілерге жадынама таратылды

Жүргізушілерге жадынама таратылды

Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының ең көп тараған түрі әлі күнге дейін жаяу жүргіншілердің қатысуымен болып отыр. Олар барлық апаттардың 40% – дан астамын құрайды. Оқиғалардың тек 7% – ы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі “Жол қауіпсіздігі апталығы”аясында өткен  кезекті профилактикалық іс-шарада хабарлады.

Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Жұмағұлова осыған байланысты жүргізушілерге жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы еске салу үрдіске айналғанын айтады.
Облыс орталығының көлік көп жүретін қиылыстарының бірінде полицейлер көліктерді тоқтатып, жүргізушілермен әңгіме жүргізді.

– Мен барлық жүргізушілерден ұқыпты жүруді, алаңдататын гаджеттерді алып тастауды және мектептердің жанына өтіп бара жатқанда қозғалысты баяулатуды сұрағым келеді. Өйткені балалар, әсіресе, кішкентай балалар кейде жан-жағына қарамай, жолды кесіп өтуі мүмкін, – дейді акцияға қатысушы.

Акция барысында қала жүргізушілеріне мыңға тарта жадынама таратылды.

Жаңалықтармен бөлісу