Демалыс күндері Қостанай облысында полиция 500-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Осы уақыт ішінде қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбаудың екі фактісі де тіркелді.
22 қазанда Қамысты ауданының полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғын қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасап, кейін үйде отбасылық жанжал туғызды деген арыз келіп түсті.
Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына құқық бұзушыға шара қолдану үшін келді. Жергілікті тұрғын полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарына агрессивті түрде жауап берді. Ол қызметкерді формасынан ұстап күш қолданған.
Полиция қызметкері самбоның күрес тәсілдерін және арнайы құралды қол кісенін қолданып, оның әрекетіне төтеп берді. Құқық бұзушы медициналық куәландыруға жеткізіліп, орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Ер адамға қатысты үш әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны да бар.
Екінші дерек сол күні облыс орталығында ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында жасалды. Түнде полицияға сол жерде болып жатқан төбелес туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында арнайы жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері болған наряд жанжалға белсенді қатысушылардың бірін ұстады. Ол бұзақылық әрекеттерін тоқтатпай полицейлердің талабын елемеген. Сонымен қатар полицейлерге балағат сөздер айтқан.
Бұрын сотталған облыс орталығының 30 жастағы тұрғынына қатысты самбоның жауынгерлік күрес тәсілдері қолданылды. Алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі бар заң бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылады. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізіле басталды, оның ішінде полиция қызметкерлерінің заң талаптарына бағынбағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік сот 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, демалыс күндері Қостанай облысының полициясы өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Патрульдеу қала маңындағы жолдарда күшейтілді. Осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 550 фактісі анықталып, оның төртеуі мас күйінде көлік құралдарын басқару фактісі бойынша тіркелген.
Мысалы, Қамысты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүк көлігін орташа дәрежеде мас күйінде басқарған жүргізуші, Өзбекстан азаматы ұсталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 күнге қамауға алынды. Автокөлік мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.
ПД жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауына назар аударды.