Жітіқарадан көне дәуірдің белгілері табылды

Жітіқарадан көне дәуірдің белгілері табылды

Жітіқара ауданында республикалық қаржыландыру  грантының есебінен жүзеге асырылатын екі қорғанды зерттеу бойынша далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды жүргізу үшін  Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары келді.

Айта кетейік, археологиялық қазба жұмыстары Жітіқара политехникалық колледжінің студенттерімен, оқушылармен және осы іске бейжай қарамайтын жітіқаралықтармен бірлесіп жүргізілуде.

“Қостанай минералдары” АҚ қала құраушы кәсіпорны осы зерттеулердің маңыздылығын ескеріп, елеулі үлесін қосаты. Компания қазба жұмыстарына қатысушыларға қатынау көлігі мен  жер жамылғысының жоғарғы қабатын алып тастау техникасын ұсынды.

Археология институтының мамандары бірінші қорғанның  сарматтар кезеңіне, ал екіншісі “мұртты” ғұндар кезеңіне жататынына сенімді.  Бұған  дәлел –  бұл шығысқа дәлізді бейнелейтін және салттық сипаттағы негізгі қорғанның жанындағы бұтақтар. Бұл дәлізде марқұмның жаны атқа мініп, күнге қарай бет алады деген ұғымның сипаты бейнеленген. Археологтардың пікірінше, бұл қорғанға жылқы мен керамикалық ыдыс көмілген болуы мүмкін.

Әзірге қазба жұмыстары жүріп жатыр, бірақ сүйектер мен тұрмыстық заттар түріндегі кейбір құнды олжаларға зерттеушілер әлі жете алмады. Табылғаннан кейін артефактілер одан әрі ғылыми зерттеулерге жіберіледі.  Ондағы жәдігерлер Қостанай тарихи-өлкетану мұражайының Жітіқара өкілдігінің экспозициясын толықтырып қалуы  мүмкін.

Жітіқара ауданы

@gazetakm

Жаңалықтармен бөлісу