“Қостанай минералдары” АҚ кәсіпорынының спортқа деген ерекше көзқарасы жылдар бойы артып келе жатқаны белгілі. Осы жылы спортты дамытуға әрі іс-шаралар өткізуге 171 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% – ға көп.
Компания ішінде көптеген жылдар бойы футбол және хоккей лигалары ұйымдастырылды. ITR қызметкерлері арасында волейболдан, шахмат, үстел теннисінен және дартстан жарыстар өтеді. Қалалық спорт бөлімшелері арасындағы шағын спартакиадалар үзілген емес. Бірнеше жыл бойы қызықты да ауқымды іс-шара – тритлон өткізіліп келеді. Балалар хоккей, футбол командаларының әртүрлі жарыстарға сапарлары үнемі жалғасын табуда. “Km Runclub” жүгіру клубының қызметін кәсіпорын қолдайды. Ірі және оқиғалы спорттық іс-шаралардың бірі Ержан Тәтішевті еске алу спартакиадасы биыл ол 11-14 қыркүйек аралығында өткізілмек.
Меморандум аясында жітіқаралықтарға ыңғайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін бір жоба іске асырылмақ. Коньки тебу алаңын, «Жеңіс» саябағында велосипедшілер жолын, гимназияда спорт алаңын салу жоспарда бар. Ондаған жылдар бойы “Горняк” стадионы жұмыс істейді, онда қалалық және облыстық турнирлер, чемпионаттар өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін “Алматы” жүзу бассейні жұмыс істейді. Бұл екі ірі нысанның қызметін компания толығымен қамтамасыз етеді.
@gazetakm