Жекеменшік балабақшалар банкротқа ұшыраудың алдында тұр

Жекеменшік балабақшалар банкротқа ұшыраудың алдында тұр

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында жекеменшік балабақшаларға қойылған шектен тыс талаптар мен айыппұлдарды сынға алды.

Депутаттың айтуынша, санитарлық бақылау органдары кәсіпкерлерге үздіксіз тексерулер жүргізіп, түрлі сылтаумен айыппұл салады. 2023 жылы 7 497 тексеру жүргізіліп, 90%-дан астамы бұзушылық ретінде тіркелген, ал кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.

«Балабақшалар сауда емес, әлеуметтік бағыттағы бизнес. Оларға айыппұл емес, қолдау қажет. Әйтпесе, бүлдіршіндерді 100% мектепке дейінгі біліммен қамту міндеті орындалмайды»,– деді депутат.

Ол Үкіметтен жекеменшік балабақшаларды негізсіз тексерулерден қорғауды және орынсыз айыппұлдарды тоқтатуды талап етті.

Жаңалықтармен бөлісу