«Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер».
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы Президент тапсырмасы бойынша әзірленіп, қазақстандық қоғамның мәдениет, ағарту және ұлттық рух деңгейін арттыруға бағытталғаны баршаға мәлім. Мазмұнды Жоба – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени болмысы, тарихы мен тамырының болмысы. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтап қалып, оны өскелең жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңызы зор.
Бұл бағытта Арқалық қаласында да көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өміршең жобаның нәтижесі әр саладан көрініс табады десе болады. Біз орайы келгенде осы ел игілігі үшін атқарылып жатқан істердің барысымен танысқан едік.
Туған жер – алтын бесік
Азамат Сұлтанбеков, Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Биыл Арқалық қаласында «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» және облыстық «Көркейе бер,Қостанай» арнайы әлеуметтік жобалары шеңберінде бизнес өкілдерінің көмегімен қаладағы саябақ, аллеяларға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде бұл жұмыстар басталып, қарқынды қолға алынып жатыр.
Атап айтқада:«ARQALYQREMSERVIC» ЖШС«Ардагерлер саябағына» қоршау орнату, «Құрметті ардагерлер» тақтасын орнату, ардагер мен немересі бейнеленген шағын архитектуралық мүсін орнату жұмыстарын қолға алуда.Ал, «Омарова Н.К» ШҚ, «Сұңқар» дүкені «А.Байтұрсынов» аллеясына орындықтар орнату, арка орнату, ойын алаңдарын орнату жұмыстарымен,«Шоқан» ШҚ «Жәуке батыр» аллеясына орындықтар, шамдар орнату, көгалдандыру, мүсінді және стендты реставрациялау, қоршауды жөндеу жұмыстарымен, «Ел-Жұрт» ЖШС «Ақындар аллеясын», «Арқалық көмір» ЖШС «Тәуелсіздік аллеясын, «Церрера» ЖШС, «Тазалық» ЖШС «Абай аллеясын», «Алюминқұрылыс» ЖШС О.Қозыбаев көшесін, «Кетов И» ЖК «Шақшақ Жәнібек» ескерткішін абаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Мұның сыртында тағы да бірқатар кәсіпкерлеріміз қаланы абаттандыру, көркейту шараларын жүргізетін болады.
Жалпы алғанда, осы бағытта қала бойынша 14 жоба, ауылдық елдімекендерде 15 жоба қарастырылып отыр.
Қалаға қарасты ауыл және ауылдық округтерде шаруа қожалықтарынан тартылған қаражаттан спорт алаңдары, балалардың ойын алаңдары, көше тренажерлары орнатылады, мәдениет үйлеріне жөндеу жүргізіледі.
Ата салт – асыл қазына
Ұмыт бола бастаған ұлтттық – салт дәстүді жас ұрпақтың бойына сіңіруде қаладағы мәдени ошақтар да қосып зор үлес қосып келеді. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың«Салт-дәстүрім ғаламат-бабалардан аманат»атты фольклор кешінде кітапханашылар «Қамшы қайтару», «Үкі тағу», «Шашбау» салттары туралы оқырмандарға кеңінен түсіндірді.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытымен Шал ақын (Тілеуке) Құлекұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Өз дәуірінің данасы» атты нақыл сөздер айдары да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
«Туған жер» бағытында «Асылдар туып, арыстар шыққан текті ел» атты жылдық кітап көрмесі ұсынылды. Көрме еркіндік аңсаған батыр бабаларымыз бен ақын – жазушыларымыздың: Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына – 330 жыл, Аманкелді Иманов пен Кейкі Көкембайұлына – 150 жыл, Халық ақыны Нұрхан Ахметбековке – 120 жыл, таланттыжазушы жерлесіміз Ақан Нұрмановтың туғанына- 90 жыл толу мерейтойларына арналды.
Марал Мұқанова, Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханасының кітапханашысы:
-Биыл «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында Ашутасты ауылдық кітапханасында «Ашутастым – туған мекенім» атты өлкетану көрмесі әзірленді. Көрмеге ауылымыздың тарихы бейнеленген фотоальбом, ардагерлеріміздің өмірбаяны мен фотолары, сондай-ақ «Қандай көркем-туған өлкем» және «Ауылымыздың мақтанышы-Айдос» атты альбомдар қойылды.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат берілді.
Алдағы жоспарымызда: «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» жобасымен Қожа Ахмет Яссауиге- 930 жыл, Сұлтан Бейбарысқа- 800 жыл, Төле бидің туғанына – 360 жыл толуына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылмақ. «Менің қолтаңбам» жобасы аясында Молодежный ауылдық кітапханасы журналист, жазушы,облыстық «Қостанай таңы» газетінің ардагері Жақсылық Жүнісұлының – 80 жас мерейтойына арналған “Тағылымы мол еңбек”атты бейнешолуды көрермен назарына ұсынатын болады.
Ұлағатты ұрпақ – ел ертеңі
Назерке Мұханбетқалиева, Арқалық қалалық білім бөлімінің әдіскері:
-«Үндестік» жобасы аясында аналар мерекесіне орай «Жас – Ұлан» жасөспірімдер орталығының балалар керамикалық шеберханасында мектеп оқушылары аналарымен бірге саздан гүл панелін мүсіндеді. Нәтижесінде А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Алдияр Тәжібаев І орынды иеленді.
Қала және ауыл мектептері арасында өткен«Мектеп парламентінің өмірінен бір күн» онлайн байқауының қалалық кезеңінде Ы.Алтынсарин атындағы гимназия жеңіске жетті.
Алғыс айту күніне орай «Қосымша білім беру» орталығында өткізілген қалалық клубтар мен үйірме оқушылары арасында «Ақ көгершін самғасын» тақырыбындағысурет байқауында орталықтың«Жалын» үйірмесінің оқушысы Лидия Рыжова талантымен тәнті етті.Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде «Шоқан мұрасы-ұрпаққа үлгі» тақырыбында қала және ауыл мектептері жас мамандарының арасында ғылыми танымдық конференция өткізілді. Конференцияға қатысушылар Шоқан мұрасы, оның тарихи,әдеби құндылығы туралы баяндама жасап, өз ізденістерін танытты. Қатысушылардың баяндамаларынан жинақ әзірленді.
Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы Даланың – Ұлы батыры» атты қалалық ақындар мүшәйрасы өтті. Байқауда қатысушылар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінді. Жалпы, іс-шара қорытындысында жеңісті кіші топтан Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Әлисұлтан Карбозов, үлкен топтан А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы Мұхамедәли Отар қанжығалады.
Сондай-ақ, осы іс-шара аясында қала және ауыл мектеп мұғалімдері арасында дойбы жарысы өткізіліп, басты орынды«Қосымша білім беру орталығы» жеңіп алды.
Ауылдық жердегі мектептің 7 – 9 сынып оқушыларына арналған “Туған өлкеге саяхат” облыстық қашықтықтан өткізілген байқауынан Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Инабат Ысқақ екіншіорын, Ақбұлақ негізгі орта мектебінің оқушысы Айша Қалижан үшінші орын иеленді.
Алдағы кезеңде «Туған өлкенің киелі жерлеріне саяхат» атты виртуалды экскурсия, «Ұланымыз ұлы елдің» әлеуметтік жобасы аясында іс–шаралар, «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» республика күні мерекесіне орай макеттер байқауы, «Рухани жаңғырудың» арнайы жобалары мен бағыттары бойынша қалалық семинар, «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» балалар шығармашылық байқауының қалалық байқауы, «Мен волонтермін» акциясы т.б іс – шаралар өткізу жоспарланған.
Айнагүл Жапарова, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– Мектеп – гимназиямызда музыкалық өнер, театр өнері, киноматография, бейнелеу өнері және «Киелі Қазақстан»атты 5 бағыт бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Соның ішінде музыкалық «Өрімтал» үйірмесі, «Театр» үйірмесі, «Балғын суретші» бейнелеу өнері үйірмесі «Киелі Қазақстан» бөлімі бойынша әр түрлі іс-шаралар барысында виртуалды саяхат жасау, викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтарын арттырдық деп айтуға болады.
Ұзақтығы 10 -15 минуттан тұратын әр бағдарлама 1-11 сыныптарының оқушылары үшін ыңғайлы қысқаша онлайн-форматта, арнайы әзірленген бейнедәрістер қолдандық. Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды түрде саяхаттай алады, опера, балет, драма өнерінің озық үлгілерін көріп, қазақстандық және шетел кинофильмдері мен мультфильмдерін тамашалап, әсем музыкалық шығармаларды тыңдай алады.
Бейнедәрістер соңында оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өздерін тексере алады. Балалардың ерікті түрде қатысуы осы жобаның қағидатты шарты болып табылады. Оқу жылының соңында тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп жоғары ұпай жинаған ең белсенді қатысушылар сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталады.
Осындай деңгейдегі жоба жас және жаңа білімге құмар ұрпақ үшін бағдар береді, еліміздің сенімді азаматтарын тәрбиелеуге көмегін тигізеді және жігерге толы жас жүректерді баурап алады деген сенімдеміз.
Гүлсезім Қанатқызы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы, 7- сынып оқушысы:
– Біздің білім ошағымызда «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында оқушыларды қызықтыратын көптеген іс-шаралар атқарылады. Жобада: музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, киелі мәдениет ескерткіштері атаулы 5 өнер бағыты ұсынылған.
Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды саяхат жасалады. Өзіміздің Торғай өңіріндегі киелі жерлерге онлайн да, кәдімгідей саяхатқа шығып барып қайтудамыз. Мысалы, Кейкі батыр кесенесі, Торғайдағы атақты кісілерге арналған мұражайлар, Екідің ауылындағы және т.б киелі жерлердің қасиеті – оқушылар жүрегін баурап, ұлтының қасиетін одан әрі терең түсінулеріне ықпал етеді.
Сонымен қатар, маған театр бағыты бойынша іс-шаралар қатты ұнайды. Үйірме мүшелері өздерінің актерлік шеберліктерін шыңдау үшін сабақтан тыс уақыттарында дайындық жұмыстарымен қатар түрлі видеоларды қарап танысады. Жоба – бізге таңдалған туындылардың жоғары эстетикалық, мәдени, рухани, патриоттық, көркемдік және өлкетану құндылықтарын бейнелейтін мәдени тарихи маңыздылығы жағынан өте қажет.
Иә, ұлттық құндылықтарды ұлықтау-ұрпақ парызы. Міне, ұлттық рухани жаңғыру үрдісі Арқалық қаласында осылай көрініс табуда. Сүйсінерлігі – қалада рухани өрлеу белең алуда. Айталық, өткен жылы арқалықтықтардан «Ұлттық домбыра» күні 1000 домбырашы бір мезетте күй тартса, биыл бұл мерекеде 2000 домбырашы өнер көрсетпек.
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.