«Жанұя» балалар үйінде суретші жеткіншектер марапатталды

«Жанұя» балалар үйінде суретші жеткіншектер марапатталды

5 мамыр – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Жанұя» балалар үйінде суретші балаларды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Қостанай облысы бойынша Экология департаменті қызметкерлері мен демеуші ұйымдар өкілдері қатысып, шараның маңызын атап өтті.

Департамент басшысы Қуаныш Елеусінов барлық қатысқан балаларға алғысын білдіріп, шараның мақсаты туралы айтты:

«Бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың санасына табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ұялату. Қазіргі жас буын – елдің ертеңі. Сондықтан бұл шараның маңызы зор деп білемін», – деді Қуаныш Елеусінов.


Іс-шара барысында өнерлі бүлдіршіндер би билеп, ән шырқап, тақпақ айтып, ортаға ерекше сән берді.

blank

Сурет байқауы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

blank

Сонымен қатар белсенділігімен, тәртібімен ерекшеленген балалар да сыйлықсыз қалмады.

blank

Демеуші ұйымдардың әзірлеген сыйлықтары тәрбиеленушілердің жүздеріне қуаныш пен шаттық сыйлады.

blank
Іс-шараның демеушілері: «Варваринский» ЖШС, «Қазақстан Алюминийі КБКБ» АҚ, «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС және «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ.

blank
Кеш барысында қатысушы ұжым қызметкерлері ортаға шығып, балаларға жылы лебіздерін білдірді.

blank

blank

Іс-шара соңында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «буын-KZ» ҚБ мен Экология департаментінің ұйымдастыруымен «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы аумағында сәндік өсімдіктер отырғызу акциясы өтті. Іс-шара барысында «буын-KZ» ҚБ жобалық менеджері Геннадий Ипатов  көгалдандыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар өсімдіктерді отырғызу, күтіп-баптау және аумақты тиімді көгалдандырудың негізгі тәсілдерін меңгеріп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Акция қоршаған ортаны қорғауға және жасыл желекті көбейтуге бағытталды.

Бота МАНЕТ