Қостанайда Азия жүлдегеріне құрмет көрсетілді

Қостанайда Азия жүлдегеріне құрмет көрсетілді

Вьетнамның Дананг қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, командалық есепте екінші орынға ие болды.

Құрлық біріншілігінде қазақстандық балуандар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионы атағын 51 келіге дейінгі салмақта Қуанышбек Жанажол мен 65 келіге дейінгі салмақта Мирас Махамбет жеңіп алды. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Қостанай облысының спортшысы Арыстан Темірғали күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Әли Алмас пен Датқа Лесбек қола медаль иеленді.

blank Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсет жерлесіміз Арыстан мен  жаттықтырушысына Қостанай облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы құрмет көрсетті.

blank

Кездесу барысында федерация өкілдері жас балуандардың жетістіктерін жоғары бағалап, халықаралық аренадағы табыстары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ спортшыларға естелік сыйлықтар табысталып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірілді.

Жас балуанның бұл жетістігі Қостанай облысындағы күрес спортының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Бекарыс Еркін,

ҚӨУ студенті