Бұл туралы Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашев өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында баяндады. Ауданның биылғы 5 айындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы мақсаттарды айтты.
Қазіргі таңда ауданда статистикалық деректерге сәйкес 10 мың 561 адам тұруда, оның ішінде 4 мың 211 адам аудан орталығын мекендеген. Экономикалық белсенді халық саны 5 мың 961 адам.
2025 жылғы бюджет түсімдерінің жоспары жыл басында 5 млрд 194 млн теңге болып бекітілген, олтрансферттер есебінен толығып, бүгінгі күнге аудан бюджеті 6 млрд 885 млн теңгеге жетіп отыр.
Аудан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 456 млн теңгені түзді. Айта кету керек, аталған қаражаттың 17%- і меншікті қаржы есебінен құралған.
«Жеке қаражат есебінен тартылған инвестицияның басым үлесі ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға, тұрғын үйлер құрылысына, шаруа қожалықтарында қора-жайлар салуға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталды», – деді аудан әкімі Дінмұхамед Бидашев.
Есепті кезеңде ауданда 96 млн мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, бөлшек сауда айналымы 213 млн теңгеге жетті. Брифинг барысында аудан басшысы ауылшаруашылық саласына тоқталып өтті. Бұл сала ауданның негізгі даму бағыты болып саналады. Есепті мерзімге 56 мың 695 бас (өсім 18,%), ірі қара мал басы өсірілуде, оның ішінде: ірі қара- 28 мың 50 бас (өсім -15,7%), жылқы -19 мың 681 бас (өсім — 5,9%), қой-ешкі – 76 мың 590 бас (1,% — ке төмендеген).
«Аудан шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға жақсы бетбұрыс жасап келеді. Бұл ретте мемлекеттік «Жеңілдікті лизинг», «Қазақстанда жасалған» және «Өз жем-шөбім» бағдарламалары тиімді болып отыр. Жыл басынан бері аталған бағдарламалар аясында 2 комбайн, 6 фронтальды жүктиегіш, 1 эксковатор, 18 даңа МТЗ тракторлары сатылып алынды», – деп баяндады Дінмұхамед Серікұлы.
Сатылып алынған техниканың 10 — ы шаруа қожалықтарының өз қаражаттарына, қалған бөлігі лизинг бағдарламасы арқылы қол жеткізілген. Барлық құны – 578 млн теңге. Сонымен қатар, аудан басшысы егістік жер көлемінің жылма жыл артып келе жатқанынтілге тиек етті. Аудан әкімі баяндағандай ағымдағы жылы ауданда жалпы көлемі – 42 мың 300 га егін себілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 23 га артық. Көкөніс, бақша дақылдары да өсіріледі.
Ауданда жер алып шаруашылықпен айналысам деушілерге қажетті жер ресурсы жеткілікті. Осы жылдың шілдеайында 46 мың 700 га 7 жер учаскесіне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру жөнінде конкурс өткізілетін болады.
Дінмұхамед Серікұлы ауданда халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын да мәлімдеп берді.
«Сарысу», «Қалам-Қарасу», «Сужарған» ауылдарының кіреберіс жолдарына ағымдағы жөндеуге 175 млн теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша алдағы1 тамызға дейін пайдалануға беріледі. «Шұбалаң-Ахмет Байтұрсынұлы», «Тоқанай-Саға-Алтынсарин», «Саға-Бидайық»аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта берсе ауданда ілгері басып жатқан жұмыстар баршылық. Дінмұхамед Серікұлы Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына әзірлік барысын да тоқталып өтті.
Аудан әкімімен бірге брифингке «Бейсен 1» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Бейсен қатысты.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Жанкелдин ауданы