І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры арқалықтық көрермендерінің назарына «Менің атым – Қожа» спектаклін ұсынды.

Заңғар жазушы Б. Соқпақбаевтың әйгілі туындысына негізделген жас талғамайтын қойылым рөлдерді сомдаған әртістердің кәсіби шеберлігімен, сахнада болып жатқан оқиғалардың шынайылығымен баршаның көңілінен шықты.
Қойылым соңында өнерлі ұжымға қала әкімінің ықылас гүлі мен алғыс хаты табыс етілді. Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы ел атынан жылы лебіздерін білдірді.
Көңіл тербейтін көркем туынды көрішілес Аманкелді ауданында да сәтті сахналанды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
