Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-Министр Олжас Бектеновке «TikTok» әлеуметтік желісіне жас шектеуін қою туралы депутаттық сауал жолдады.
«ТикТоктағы әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүріміз бен салтымызға қайшы келетін, балалардың санасын улайтын, теріс әдеттерге шақыратын барлық контентке шек қою керек. Елімізде ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына қатаң шек қою немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыру керек деп есептейміз», – деді депутат.