Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір активіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы департаментінің жаңа басшысы Алмас Бекішевті таныстырды.
Алмас Шамилбекұлы – ҰҚК академиясының түлегі. Ол аталған оқу орнын үздік тәмамдап, кейін комитеттің түрлі құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде жедел әрі басшылық қызметтер атқарды.
Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.