Агроөнеркәсіп кешенін және су ресурстарын жетілдіру саласында мал шаруашылығы, өнімді қайта өңдеу және сақтау бағдарламаларын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін қолдау жоспарланып отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
«Келесі жылдан бастап барлық ауыл шаруашылық өндірушілердің агрологистикалық орталықтардың инфрақұрылымына тең қол жеткізуі қамтамасыз ету жоспарланған. Су ресурстарын басқару бөлігінде 2027 жылдың наурызында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру аяқталады», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
