14 мая, 2025
Үйір жылқы ұрлаған қылмыстық топ құрыққа түсті (ВИДЕО)

Үйір жылқы ұрлаған қылмыстық топ құрыққа түсті (ВИДЕО)

Қостанай облысында жалпы құны 25 млн теңге тұратын мал ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Соңғы алты ай ішінде бір топ адам Арқалық қаласы мен оған жақын ауылдық округтердің аумағында сегіз адамның малдарын ұрлаған. Қылмыстық әрекетпен 14 ірі қара мен 30 жылқы ұрланған.

https://youtu.be/8a8kf9N0gkU

«Келтірілген залал 25 млн теңгеден асады. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 және 59 жас аралығындағы бес жергілікті тұрғыннан тұратын топ анықталып, қолға түсті.  Полиция қызметкерлері 15 жылқыны тәркілеп, иелеріне қайтарды. 14 ірі қара мал құны ақшалай өтелді», – делінеді портал хабарламасында.

Күдіктілер тобының үстінен аса көп мөлшерде мал ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін олардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы 7-ден 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп толықтырылады ақпаратта.