ҰБТ-2026: Биыл талапкерлер тестті екі рет тапсыра алады

ҰБТ-2026: Биыл талапкерлер тестті екі рет тапсыра алады

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 239 мыңнан астам адам тіркелген. Оның ішінде колледж түлектері мен өткен жылдардың мектеп бітірушілері де бар.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткізіліп жатыр.

Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалған. Талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, грант конкурсына ең жоғары нәтижемен қатыса алады. Сонымен қатар тестілеуден кейін қатысушылар дұрыс және қате жауаптар туралы ақпаратпен бірге нәтижелердің толық талдауын алады.

Бекарыс Еркін,

ҚӨУ студенті

Дереккөз: @baq_kz